Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкіміне сәйкес жоғары оқу орындары арасында жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімді мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жарияланады.
Конкурсқа қатысу үшін жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 34-тармағына сәйкес құжаттарды тапсырады.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖОО-ның бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен электрондық форматта ұсынылады.
Конкурсқа өтініш 2023 жылдың 10-14 шілде аралығында, жергілікті уақыт сағат 09.00 – 18.30 дейін, 090000 индексі, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үйде орналасқан мекенжайда, облыстық білім басқармасында және е-mail: uo.zko@bko.gov.kz поштасында қабылданады.
|
№ |
Даярлау бағытының коды және атауы |
Білім беру бағдарламасы тобының коды |
Білім беру бағдарламалары тобының атауы |
Грант саны |
|
1 |
6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау |
В009 |
Математика мұғалімдерін даярлау |
10 |
|
2 |
6В019 Арнайы педагогика
|
В020 |
Арнайы педагогика
|
12 |
|
3 |
6В073 Сәулет және құрылыс |
В074 |
Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс |
4 |
|
4 |
6В0101 Денсаулық сақтау |
ВМ086 |
Медицина |
60 |
|
Барлығы: |
86 |
|||