Дарынды балаларға арналған №8 облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі

Дарынды балаларға арналған №8 облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі

Дарынды балаларға арналған №8 облыстық

мамандандырылған мектеп-лицейі

                 Мектеп ғимараты 1952 жылы салынған,  жобалық қуаты - 320 орын. Контингент - 270 оқушы (5-11 сыныптар), сынып-комплект саны -14, педагогтер саны – 35.

Мектептің бюджеті 2022 жылы – 436,1 млн. теңге, 2023 жылы – 759,5 млн. теңгені құрады.

         2021 жылғы 3 маусымда "Дарынды балаларға арналған №8 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей" КММ ғимаратын күрделі жөндеуге арналған жобалау –сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды (477,7 млн. теңге).

2021 жылдың қыркүйегінде мемлекеттік сатып алу басқармасымен мердігерді анықтау бойынша конкурс өткізді. 

         Мердігерболып "Градстройсервис" ЖШС анықталды. Шарттардың құны-  453,4 млн. теңгені құрайды.

Шарт бойынша іске асыру кезеңі: басталуы - 03.08.2022 ж., күрделі жөндеудің аяқталуы – 16.01.2023 ж.

         Жұмыстардың басталуына жергілікті бюджеттен 130 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді (шілде айында - 50 млн. теңге, қазан айында – 80 млн. теңге).Мердігердің жұмыстрды аяқтай алмуына байланысты жазған хатына сәйкес, 80 млн. теңге бюджетке кері қайтарылды.

Сонымен қатар, 2023 жылы 403 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді (2023 жылға бюджетті бекіту кезінде - 323 млн. теңге, 2023 жылғы 07 наурыздағы ОБК хаттамасына сәйкес - 80 млн. теңге).

Жұмыстар: бөлшектеу жұмыстары аяқталды.Спортзалды шатырлау және едендерді толтыру жұмыстары толық аяқталмады. Орындалған жұмыстар актісі бойынша жұмыстарды аяқтау пайызы 19 %.

Ағымдағы жылы жобалық – сметалық құжаттамаға өзгертулер енгізіліп, бүгінгі күні ЖСҚ-ғасәйкес жұмыстар 738 млн. құрады.

Өндіріс кестесінің бұзылуына байланысты тапсырыс беруші сотқа шағым түсірді. Ағымдағы жылдың 19 наурызында сот тапсырыс берушінің шартты бұзу және мердігерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызын қанағаттандырды.

Алайда ағымдағы жылдың 29 наурыз күні мердігер сот шешіміне апеляциялық шағым түсірді. Сот отырысы маусым айының 06 күні өткізіліп, апеляциялық сот шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Бүгінгі күні тапсырыс беруші мердігермен келісім шартты бұзып және

мемлекеттік сатып алу порталының жосықсыз қатысушысы тізіміне енгізу үшін соттың шешімін күтуде.

Оқу процессі  2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Орал қаласының №37(1763 оқушы)ЖОББМ ғимаратында ұйымдастырылды (10 кабинет, оқыту 2 ауысымда өткізіледі, 6 күндік оқу). Оқу үрдісі мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына және бекітілген үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылуда. Барлық сыныптарда интерактивті тақталар бар. Жаратылыстану-математикалық цикл сабақтарында виртуалды зертхана қолданылады.

2023-2024 оқу жылы оқу үрдісі Орал қаласы 8 март көшесі, 198/1 мекенжайында орналасқан ғимаратта ұйымдастырылады (бұрын эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназия орналасқан).