Колледж студенттерінің спортта, бизнесте жетістікке жеткен танымал адамдармен «Жетістікке жету жолы» атты кездесу кеші туралы

Колледж студенттерінің спортта, бизнесте жетістікке жеткен танымал адамдармен  «Жетістікке жету жолы» атты кездесу  кеші туралы

31 наурыз күні колледж студенттерінің спортта, бизнесте жетістікке жеткен танымал адамдармен  «Жетістікке жету жолы» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесу Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің базасында өтті. Шара мақсаты – белгілі бір салада жетістікке жеткен танымал адамдармен жастардың ашық пікір алмасуы, жетістікке жету жолындағы құпияларды біліп, болашақта тәжірибе барысында қолдана алуы, жастардың жетістікке жетуге байланысты көкейіндегі сауалдарға жауап алу. «Ашық диалог алаңы» форматында өткен кездесуге БҚО бойынша ММА федерациясының директоры А.Есентаев, «Бизнес Қауымдастық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Д.Сатканов, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО өкілдігі төрағасы Д.Мақатов, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті ректорының жалпы мәселелер жөніндегі көмекшісі Т.Дүйсенбаев қатысып, студент жастарға жетістікке жету жолдары ретінде – көп кітап оқу, алға үлкен мақсат қою және сол мақсатқа талпыну, өз салаңның жақсы, білікті маманы болуы арқылы жетістіктерге жеткендіктерін айтып өтті. Сонымен қатар. қай істе, қай жағдайда болмасын адам адал, әділ болу керек, сонда бар әрекетіңіз бен ісіңіз отбасыңызға да, қоғамға да пайдасын тигізеді деп, өз ойларын ортаға салды. Кездесуге қатысушы студент жастарда өз ойларын ортаға салып, толғандырып, білгісі келіп жүрген сұрақтарына жауаптарын алды.