
БҚО Білім басқармасының ТжКББ бөлімінің ұйымдастыруымен колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Бөрлі колледжінің негізінде “Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы” атты семинарда бас қосты. Білім басқармасының мамандары - З. Гумарова, Т. Киясов тәрбие мәселелеріне шолу жасады, нормативтік құжаттармен таныстырды.
Семинардың мазмұны кәсіптік білім беру саласында көп жылдан бері қызмет атқарып жүрген тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының тәжірибемен бөлісуіне негізделді. Семинар жұмысының екінші кезеңі БҚО Бөрлі ауданының “Мұрагер” халықтық театрының “JAS” қойылымына ұласты.