«Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІ кезеңі

«Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІ кезеңі

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 9 тамыздағы №355 бұйрығын басшылыққа ала отырып, «Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІ кезеңін өткізді.

Білім басқармасында комиссия құрылып, комиссия шешімімен ІІ кезеңнің қорытындысы бойынша төмендегі педагогтер «Үздік педагог» атағын беру конкурсының жеңімпаздары болып анықталды:

 

  1. Д.Қанатбаева – Орал қаласы №42 «Ақ ниет» гимназиясының математика пәні мұғалімі;
  2. З.Қошанова – Орал қаласы Ж.Досмухамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің педагогика-психология кафедрасының оқытушысы;
  3. Э.Казиханова – Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының химия пәні мұғалімі;
  4. Д.Избасаров – Ақжайық аудандық білім беру бөлімінің балалар шығармашылық орталығының педагогі;
  5. Е.Петровскова – Бәйтерек ауданы Б.Момышұлы ЖОББМ-нің биология пәні мұғалімі;
  6. С.Нығметуллина – Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының математика пәні мұғалімі;
  7. Д.Опиев – Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының тарих пәні мұғалімі;
  8. И.Сугурбаева – Бөрлі ауданы Бөрлі ЖОББМ-нің тарих пәні мұғалімі;
  9. С.Алиев - Жаңақала ауданы Жаңақала ЖОББМ-нің тарих пәні мұғалімі.