«Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген, Ұлан байтақ Республикам бұл менің» тақырыбында облыстық пікірсайыс турнирі

«Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген, Ұлан байтақ Республикам бұл менің» тақырыбында облыстық пікірсайыс турнирі

2022 жылдың 28 қазан күні Батыс Қазақстан облысы білім басқарамысының ұйымдастыруымен,  А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі базасында 25 қазан «Республика күні» мерекесіне орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген, Ұлан байтақ Республикам бұл менің» тақырыбында облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді.

Ұйымдастырылған пікірсайысқаоблыстың аудан, қала  колледждері келіп,  облыс бойынша 24 колледж командасы  қатысты.

Формат бұрынғыдан қарағанда  өзгеше болды, алғаш рет британдық форматта өткізілді. Пікірсайысқа қатысқан әрбір колледждер өз бақтарын сынады.

Үш қезеңмен өткізілген пікірсайыста ширек финалға сегіз команда ірктеліп алынса, финалға шыққан төрт команда білім біліктілік шеберлігімен сынасып өз ара жүлделі орындарды бөлісті.

Пікірсайыс турнирін қорытындылай келе, әділқазылар алқасының  шешімімен жүлделі бірінші орын Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі, екінші орын Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, үшінші орын Республикалық жоғары техникалық колледжі, төртінші орын «Мақсат» Орал жоғары медициналық колледжіне берілді.Жүлделі орындарды иеленген оқу орындарының командалары БҚО Білім басқармасының Кубок, диплом және грамоталарымен марапатталды. Сонымен қатар «Үздік талпыныс» дәрежесімен Ақсай техникалық колледжі, «Үздік төреші» аталымымен - Хусайнова Диана, «Үздік спикер» аталымымен -  Боранбаева Маншук, Республикалық жоғары техникалық колледжінің студенті  марапатталды. Пікірсайысқа белсене қатыскан  барлық оқу орындарының командаларына Алғыс хат табысталды