
«ПАРАСАТТЫЛЫҚ-ЖАСТАР ЖОЛЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЛЕТ ӨТТІ
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжде 18-қазан күні "Парасаттылық - жастар жолы" атты «Саналы ұрпақ» ерікті клубтарының облыстық слеті оздырылды. Басқосудың бас спикерлері ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің бас маманы Мұратов Ринат Ғаниматұлы мен «AMANAT» партиясының БҚОФ партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Семғалиева Афиза Болатқызы болды. Шараға аталған шақырулы қонақтардан бөлек өңіріміздегі ТжКБ ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, «Саналы ұрпақ» ерікті клубтарының белсенді мүшелері мен оқу орны студенттері қатысты. Екі бөлімнен тұрған еріктілер слетінің бірінші бөлімінде спикерлер сөз сөйледі.
1-бөлім: Слет қонақтарына сөз берілді. Слет үшін шақырылған арнайы спикерлеріміз:
Қонақтарымыз өз кезектерінде слеттің маңыздылығын, берер тәрбиесін айтып, жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кеңестерімен бөлісіп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты өмірдегі жағдайлармен бөлісіп, колледждердегі тәрбие жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастыру, оны жүргізу шараларын бақылау жөнінде айтып өтті. Ринат Ғаниматұлы өз кезегінде соңғы жылдағы облысымыздағы сыбайлас жемқорлық фактілерінің статистикасын айтып, Саналы ұрпақ клубтарының жүргізген жұмыстарына тоқталып өтті. Сонымен қатар слет қатысушылары "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының жанынан құрылған Дарын клубының мүшелері Жұбан Молдағалиевтің "Ар, ұждан, ұят" өлеңінің желісі бойынша құрылған көріністі тамашалады. "Музыкалық білім беру" мамандығының студенттері Өтенова Талшын мен Қуандық Мейрамбек "Бірге" әнін орындады. Қонақтарымызға сөз кезегі берілгеннен кейін, колледж директоры А.Ж.Қайрлиева Саналы ұрпақ клубтарының мүшелеріне куәліктер табыстады.
2-бөлім: Үзілістен соң БП "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте оң тәжірибені көрсетеді" қарарында колледжіміздің "Ұлағат" дебат клубы мен арнайы слет үшін "Семсер" дебат клубының мүшелері арасында көрсетілім ойыны болды. Көрсетілім ойынының төрешісі колледж түлегі, "Ақиқат" ПО мүшесі Нұрлан Арман.
Студенттік Парламент Президенті Нұрсұлтан Парахатов колледжіміздегі Парасаттылық мектебінің осы уақытқа дейін жүргізген жұмыстары жөнінде слет қатысушыларына ақпарат беріп, ерекшеліктеріне тоқталып өтті.
"Әртүрлі жас топтарындағы балалар мен жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесі" тақырыбында сыбайлас жемқорлық профилактикасы бойынша колледж психологы Назерке Хамитқызы кеңестерін ұсынды. Слетіміздің соңын "Музыкалық білім беру" мамандығының студенттерінен құралған QJ квартеті "Туған ел" әнімен қорытындылады.
"Парасаттылық - жастар жолы" атты Саналы ұрпақ клубтарының облыстық слетіне қатысушыларға алғысымызды білдіреміз. Саналы, парасатты, адал жастарымыз көп болсын! Адалдық - бақыттың кілті.