Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

       Мектепке дейінгі тәрбие мен білім - білім беру жүйесінің алғашқы кезеңі ретінде бала тұлғасының әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуының маңызды баспалдағы болып табылады.

Жалпы 30 мыңға жуық баланы қамтыған 521 мектепке дейінгі ұйымдар бар, оның ішінде 412-і мемлекеттік, 109-ы жеке меншік.

2 мен 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі біліммен 87,4%, 

3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100% қамтылды.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісі дамуын жалғастыруда, 3 жыл ішінде 3563 орынға 58 ұйым ашылды, оның ішінде 2 497 орынға 47 жеке меншік ұйым. Тек 2021 жылы 1567 орындық 29 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 1510 орындық 26 жекеменшік балабақша ашылды. 2022 жылы 413 орындық 8 балабақша, оның ішінде 388 орындық 7 жекеменшік балабақша ашу жоспарланған болса, жыл басынан бастап 147 орындық 2 жеке балабақша ашылды.

Облыстың мектепке дейінгі ұйымдарында 3990 педагог, соның ішінде меңгерушілер, әдіскерлер, тәрбиешілер – 2898, ал "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар - 2655 педагог жұмыс істейді (91,6%).