Ақжайық аудандық білім беру бөлімі

Ақжайық аудандық білім беру бөлімі

Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы

D-R-1 Бөлім басшысы
Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Білім (білім саласы)

Қосымша талаптар

D-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады.

Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан және эсседен бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.      

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады. Байқаушылар да қажет болған жағдайда кандидаттармен әңгімелесуге қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатыса алады.

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.

Функционалды міндеттер

Білім беру бөлімінің қызметіне басшылық жасау, аймақтық бағдарламаларды және білім беруді дамыту жоспарларын әзірлеу, білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүргізу, аудан аумағындағы барлық мемлекеттік білім беру мекемелерінің қызметін үйлестіру, білім беру процесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талдау, қорыту, енгізу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогикалық кадрларды аттестаттауды өткізу, аудандық білім беру жүйесінің жай-күйіне сараптамалық талдау жасау, оның даму үрдістерін айқындау, оқыту технологиясы саласында инновациялық саясатты жүргізу, балаларды әлеуметтік қорғау және құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтер мен ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, дене және ақыл-есі дамуында кемшіліктері бар және басқа да мемлекеттің көмегіне мұқтаж балаларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және әлеуметтік бейімдеу үшін жағдайлар жасау, білім беру жүйесінің негізгі қорларын сақтау, дамыту және жетілдіру бойынша шараларды жүзеге асыру, білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту, жаңа объектілерді жобалау және салу жөнінде ұсыныстар әзірлеп, тиісті органдарға ұсыну, білім беру мекемелері мен ұйымдарына күрделі жөндеу жасауды жоспарлау, білім берудің мемлекеттік емес секторының, мемлекеттік білім беру ұйымдарының жаңа үлгілерінің дамуына ықпал ету, баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз ету, оның тәнін және (немесе) жанын жәбірлеуден, адамдық қадір-қасиетін қатыгездікпен, дөрекілікпен қорлаудан, кемсітуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық іс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асыру, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу, Қазақстан Республикасының заңнамаларында және бөлім туралы ережеде қарастырылған өзге де функцияларды қызмет көрсетуге  бақылау жасау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.жүзеге асыру жөніндегі бөлім жұмыстарын ұйымдастыру.