
Облыстық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі 34 оқу орнында (25 мемлекеттік және 9 жеке меншік) 135 біліктілік 71 мамандық бойынша кадрлар даярлайды.
Облыстық басқармалардың, соның ішінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, аудан әкімдіктерінің, кәсіпкерлер палатасыны ұсыныстары негізінде облыстың кадрларға салалық және өңірлік қажеттіліктеріне сәйкес сұранысқа ие мамандықтар мен кәсіптер тізбесі жасақталып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен 3500 адамға және республикалық қаражат есебінен 500 адамға 51 мамандық 74 біліктілік бойынша мемлекеттік тапсырысы қалыптастырылды.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына жоғарыда келтірілген адамдар санатын қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес қарастырылатыны жөнінде қаперіңізге береді.
Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 2526 құжаттар қабылданды.