Ағымдағы жылғы 13 маусымда сағат 10.00-де мектеп құрылысы бойынша ата-аналар мен педагогтардың (30-ға жуық адам) жиыны өтті.
Жиын барысында тұрғындар жеке инвесторлар есебінен мектеп құрылысының созылғанына наразылық білдіріп, құрылыс қарқынын жеделдетуді талап етті.
Құрылыс және білім басқармаларының, қалалық мәслихаттың, Орал қаласы білім беру бөлімінің және "Қазхол" ЖШС (басшысы Е.Шонаев) өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. "Қазхол" ЖШС басшысы 2023 жылдың қазан айында мектептің құрылысын аяқталатыны туралы түсіндірді.
"№31 РФММ" ЖШС басшысы осы ауданда 2022-2023 оқу жылының басында 200 орындық жеке бастауыш мектеп ашу жоспарланғанын айтты. Тұрғындарға осы бастауыш мектеп нысанына бару мүмкіндігі берілді.
Анықтамалық:
№31 ЖОББМ ғимараты 1961 жылы салынған.
2018 жылы "EvoCom" ЖШС тәуелсіз зерттеу компаниясы техникалық зерттеу жүргізді және жұмыс қорытындысы бойынша ғимарат апатты деп танылды.