
Ағымдағы жылдың 6 маусымы күні Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-гуманитарлық факультетінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің «Үздіктер мен белсенділер слеті» өткізілді. Шараның мақсаты – оқуда, ғылымда, спортта, қоғамдық шараларда белсенділік танытып, колледждердің намысын көптеген білім бәсекелерінде абыроймен қорғап жүрген үздік студенттерді марапаттау, қол жеткізген жетістіктерін өзгелерге үлгі ету. Слет барысында «ҚР колледждерінің үздік 100 студенті» жобасында және «Елбасы медалі» ұлттық жобасында жеңімпаз атанып жүрген студенттерге Білім басқармасының алғыс хаты және БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетіне оқуға арналған жеңілдіктер мен түрлі сыйлықтар берілді.