
Ағымдағы жылдың 19-20 мамыр күні Білім басқармасы мен «Орал студенттер Альянсы» Корпоративтік қорының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының дебат жетекшілері арасында «Пікірсайыспен Парасатқа» атты облыстық семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинардың алғашқы күні Британдық Парламенттік формат және Линкольн дуглас форматтары бойынша теориялық оқыту өтсе, екінші күні семинарда алған білімдерін пікірсйысшылар облыстық пікір-сайыс турнирінде сынады. Облыстық пікір-сайыс турнирінің қорытындысы бойынша 3 орынға А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің пікір-сайысшылары Сундетова Гульвира мен Рафхатов Альтаир, 2 орынға Теректі колледжінің пікір-сайысшылары Жумабекова Индира Муханбетовна мен Талап Еркеназ иеленсе, 1 орынға Орал Сервис» технологиялық колледжінің пікірсайысшысы Султанов Адилхан Тлеккабылович пен «Мақсат» медициналық колледжінің пікірсайысшысы Ищанов Мейрамбек Бекбулатович ие болды. Пікір-сайыс турнирінің «Үздік спикері» ретінде Батыс Қазақстан «АТиСО» академиялық колледжінің пікірсайысшысы Умирзакова Жанара танылды.