«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 10-тармағына сәйкес 2019 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша басқармаға келіп түскен арыз-өтініштерге талдау жүргізілді.
2019 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша Батыс Қазақстан облысының білім басқармасына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 365 өтініштер түсті. Өтініштердің 223-і (61%) қарастырылды, 182 өтініш түсіндірілді, 38 өтініш қанағаттандырылды, 1 – тоқтатылды, 2 - қысқартылды, 142 өтініш құзыреттілігі бойынша басқа мекемеге жолданды.
Басқармаға келіп түскен өтініштердің көтеріп отырған мәселелері: әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері (облыс білім беру мекемелері туралы, грант бөлу, материалдық көмек көрсету, мектепке және балабақшаға орналастыру, жұмыспен қамту мәселелері, еңбек өтілін растау және т.б.) қамтиды.
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша басқарма басшысы 2019 жылдың ІІІ тоқсанында 3 жеке қабылдау өткізді.