
24-25 ақпан күндері Балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына «Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы 2022-2023 жылдарына арналған тәрбие жұмысының кешенді жоспары, нормативтік құжаттары» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларға экскурсия жүргізіліп, тәрбие жұмысының кешенді жоспары талқыланып, спорттық ойындармен аяқталды.