Орал ақпараттық технологиялар колледжінде өткізілген Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 33 жылдығына және ауған жауынгерлері В.Карпов, С.Изотов, А.Емельяновты еске алуға арналған пневматикалық мылтық атудан облыстық турнирдің ақпараты

Орал ақпараттық технологиялар колледжінде өткізілген Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 33 жылдығына және ауған жауынгерлері В.Карпов, С.Изотов, А.Емельяновты еске алуға арналған пневматикалық мылтық атудан облыстық турнирдің ақпараты

2022 жылдың 22 ақпанында Орал ақпараттық технологиялар колледжінде ауған жауынгерлері В.Карпов, С.Изотов, А.Емельяновтарды еске алуға арналған пневматикалық мылтық атудан облыстық турнир өтті.

 

Турнирге келесі қонақтар қатысты:

 

БҚО білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Гумарова З.М.

Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің

ардагерлермен және әскери-патриоттық жұмыс басқармасының бастығы Нигимов А.К.

Орал каласынын корганыс істері жөніндегі басқармасының тәрбие, идеологиялық бөлімінін бастығы майор Ахметкалиев Куат Уразгалиевич.

Батыс Қазақстан облысы Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Пимонов О.В.

БҚО Мәншүк Мәметова мемориалдық мұражайының меңгерушісі Ахмедияр Қ.Б.

Ауған соғысы ардагері Бойков Н.К.

Ауған соғысы ардагері, ОАТК-нің тарих пәні оқытушысы Горностаев И.А.

Турнирге Батыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 18 команда, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерден 8 команда қатысты.

         Турнир салтанатты шерумен басталды. Қаза тапқан ауған жауынгерлері, колледж түлектеріне арналған ескерткішке құрметті қарауыл қойылды. Турнирге қатысушылар мен қонақтар ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері қонақтарға колледждің Ауғанстан жауынгерлері, М.Мәметова, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайларына саяхат жасады.

Турнир қорытындысы бойынша командалық есепте

1 орын  №32 ЖОББ мектеп;

2 орын Жоғары аграрлық – техникалық колледжі;

3 орын  №12 ЖОББ мектеп командалары иеленді.

 

Жеке есепте

1 орын Телағысов (Мирасыл Жоғары аграрлық – техникалық колледж);

2 орын Стороженко Юрий (№12 мектеп);

3 орын Кириллов Кирилл (№32 ЖОББ мектеп) иеленді.

 

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге, әскери тәртіп дағдыларын қалыптастыруға, студенттердің жоғары патриоттық санасын, өз Отанына адалдық сезімін, азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға дайындығын қалыптастыруға ықпал етеді.