
Ағымдағы жылдың 9-10-11 ақпаны күні Батыс Қазақстан облысы Білім Басқармасы және «Орал» студенттерінің альянсы» Корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Пікірсайыспен – жаһанның жаңа бағытына» атты облыстық семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингтің бағдарламасына сәйкес, 9-10 ақпан күндері дебат жетекшілері үшін дебат форматтары үйретіліп, көрсетілім ойындары ойналса, 11-ақпан күні Орал «Сервис» технологиялық колледжінің базасында облыстық пікір-сайыс турнирі өтті. «Пікірсайыспен- жаһанның жаңа бағытына» атты облыстық пікір-сайыс турнирінің қорытындысы бойынша:
1 орынды «Айна» фракциясынан Жумабекова Индира Муханбеткалиевна Теректі колледжі және Отарбай Айнұр Жетіруқызы Орал гуманитарлық-техникалық колледжі иеленсе, 2 орынды «Ұшқын» фракциясынан Сундетова Гульвира Ерболатовна А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі және Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінен Садыкова Агила Суиеновна иеленіп, 3 орынды «Тұмар» фракциясынан Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінен Ізімова Сағира Кенжебекқызы және Сервис және жаңа технологиялар колледжі Ахметова Жұпар Махсотовна, «Үздік талпыныс» аталымы бойынша «Жас Алаш» фракциясы Батыс Қазақстан «АТиСО» академиялық колледжінің дебат жетекшісі Қайыржанов Темірлан Өміржанұлымен Құрманғазы атындағы саз колледжінің дебат жетекшісі Тулеушов Думан Талгатович қанжығасына байлады.
«Үздік спикер» аталымы бойынша Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі студенті Базарбай Арсен Азатұлы иеленсе, «Үздік Төреші» аталымымен М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Университетінің студенті Нұрлан Арман марапатталды