Хабарландыру

Хабарландыру

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ БАТЫС-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ

 

 

 

ДЕПАРТАМЕНТ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ ПО ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

 

, ,

тел.: ,  факс:

e-mail:

 

 

, ,

тел.: , факс:

e-mail:

         

_______________

 

Барлық мемлекеттік органдарға

 

 

Қоғамдық мониторингті онлайн

нысанда жүргізуге қатысты

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының
2021 жылғы 27 мамырдағы № 6888 ПАБ-9 қарарына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) бірлесіп, онлайн форматта қоғамдық мониторинг өткізілуде.

Агенттік Министрлікпен бірлесіп «электрондық үкімет» порталының «Ашық диалог» платформасында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында онлайн https://m.egov.kz/survey нысандағы сауалнама орналастырылған.

Осы орайда, онлайн сауалнаманы өту электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ), бір реттік құпия сөз немесе «QR код» тәсілі кіру арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, қызмет алушыға онлайн нысанда бағалау процедуралары ыңғайлы болу үшін оған 2021 жылы алған қызметтерінің тізімі көрсетіледі және әр қызмет бойынша жеке-жеке бағалау мүмкіндіктері қарастырылған.

Осыған байланысты, қызмет алушыларды белсене қатысуға шақыру мақсатында онлайн сауалнама туралы анонсты және баннерді әр мемлекеттік мекеме ресми интернет-ресурстарына және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына орналастырып, нәтижесі туралы скрин, сілтемелерін, фото ақпараттарын Департаментке а.ж. 12 қарашасына дейін жолдау сұралады.

Онлайн нысандағы сауалнама қараша айы бойы жалғасады, осыған байланысты қызмет алушылардың қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сауалнаманы өту барысында туындаған мәселелері бойынша тұрақты түрде бақылау жүргізу (анонстар орналастырылған әлеуметтік желілердері пікірлер) және оларға жедел әрекет ету, консультациялық көмек көрсету (Департментпен келісе отырып) қажет.

Қосымша: Баннер

 

 

Департамент басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы                                Ғ.Тұрсынбаев