Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ – ИННОВАЦИЯ» мектеп – лицей - интернаты» қамқоршылық кеңесіне ұсыныстар мен өтініштерді қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.
Ұсыныстар мен өтініштерді білім басқармасының uo.zko@bko.gov.kz электрондық поштасына «Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ – ИННОВАЦИЯ» мектеп – лицей – интернатының» қамқоршылық кеңесіне мүше болуға үміткер» белгісімен 2021 жылғы 11 қарашасына дейін жолдау сұралады.