«Білім беру саласындағы АИТВ-инфекциясың алдын алу»

«Білім беру саласындағы АИТВ-инфекциясың алдын алу»

2021 жылдың 27 қазан күні Жоғары аграрлық – техникалық колледжі базасында Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен және ЖИТС- ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығымен  «Білім беру саласындағы АИТВ-инфекциясың алдын алу» тақырыбында  оффлайн семинары өтті.

Семинарға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог – психологтар мен медициналық қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында АИТВ бөлімінің менгерушісінің м.а. дәрігер-эпидемиолог Цой В.В статистиканы атап өтті. «Жас өспірімдермен жұмыс» «Жас ұрпақ» жасөспірімдерді әлеуметтендіру орталығының педагог-психологы Бисекенова С.М жас өспірімдермен қандай жұмыстар жүргізу керектігін атап өтті. Сондай –ақ педагог-психологтармен жасөспірімдер арасында «Суицид превенциясы», «Ерте жүктілік», «Құқықбұзушылық» «Студенттердің ортаға бейімделеуі» тақырыбында семинар оздырылды.