Білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 31 наурыз күні ZOOM платформасындамузыка пәні мұғалімдерін қолдау және кәсіби қызметке көңілін аудару, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, педагог мамандығына деген құндылық көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Білім берудің заманауи жағдайындағы шығармашыл тұлғаның қалыптасуы мен дамуының өзекті мәселелері» тақырыбында вебинар өтті.
Вебинар барысында ПШО тренері, Шыңғырлау ауданы Л.Қлышев атындағы ЖОББМ-ніңмұғалімі, педагог-шебер Э.Сапашева «Сабақты тиімді жоспарлау» тақырыбында ҚМЖ құрастырудың тиімді әдіс-тәсілдермен таныстырды. Сонымен қатар, пән мұғалімдері Л.Бригида, Г.Елбаева, Г.Қалымбет өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.