Білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығының 2021 жылғы 22 ақпандағы №25 бұйрығына сәйкес облыстық «Үздік шебер сыныптар» көркем еңбек пәні мұғалімдерінің байқауы Zoom платформасында өтті.
Байқауға жалпы білім беретін және мамандырылған мектептердің көркем еңбек пән мұғалімдері қатысты.
Негізгі мақсаты:
- білім берудің заманауи талаптарына, пән құзіреттілігін игеру деңгейін анықтауға бағытталған, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игерген және жоғары ғылыми әдістемелік әлеуеті мен кәсібилігі бар шығармашыл мұғалімдерді анықтау.
Нәтижесінде келесі жеңімпаздар анықталды:
1 орын –Р.А.Надырғожин, Орал қаласы №2 ЖОББМ көркем еңбек пән мұғалімі;
2 орын –Ж.М.Жалгасбаев, Ақжайық ауданы Мойылды НЖББМ көркем еңбек пән мұғалімі;
3 орын – А.Ф.Ишангалиева, Бокейорда ауданы М.С.Бабажанов атындағы ЖОББМ көркем еңбек пән мұғалімі;
3 орын –Б.Ж.Утегалиева, Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы ЖОББМ көркем еңбек пән мұғалімдері дипломдармен марапатталды.