«БӘРІН БІЛГІМ КЕЛЕДІ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАМЫТУ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ІС-ТӘЖІРИБЕСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

«БӘРІН БІЛГІМ КЕЛЕДІ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАМЫТУ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ІС-ТӘЖІРИБЕСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

Облыстық «Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту Зертханасының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Бөрлі ауданы №5 «Ертегі», Бәйтерек ауданы «Жұлдыз-ай»,  Орал қаласының №3 «Елочка», №6 «Шолпан», №7 «Айналайын», №27 «Жігер», №34 «Балбұлақ», №35 «Шұғыла», №38 «Жазира», №39 «Салтанат», №40 «Болашақ», №45 «Нұрсәт»,  №48 «Мұрагер», №50 «Заңғар» бөбекжайлары он-лайн тәртібінде іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға облыстық «Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту Зертханасының педагогтері қатысты. Барлығы 993 педагог.

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында балалардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияларды қолдану, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, музейлік педагогика арқылы патриоттық тәрбие, экологиялық тәрбие беру мақсатында өткен семинар практикум барысында мектеп жасына дейінгі балалардың құрылымдау дағдыларын дамытуда STEAM технологиясын қолдану әдіс-тәсілдері, құммен жұмыс, зерттеу іс-әркеттері, оқу қызметтері, ұсақ қол моторикасын дамыту әдістері, қашықтан оқыту режимінде түзету дамытушылық ойындары, «Эко-бақша» жобасының жұмыстары, квест-ойындары, шеберлік сыныптары көрсетілді.

Семинар соңында қатысушылар интеллектуалдық дамыту зертханасының жұмысын жетілдіру мен тәрбиелеу-білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

Семинар туралы ақпарат bbdo.facebook.com әлеуметтік желіде жарияланды.