9, 11 сынып түлектері үшін «Аlternative tutor» онлайн-репетитор жобасы іске қосылды. Жобаның негізгі мақсаты: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық – гуманитарлық бағыттар бойынша білімдегі олқылықтарды жою, колледж бен ЖОО-ға түсуге дайындау, болашақ мамандық таңдауға кәсіби бағдар беру.
Жобаның екі бағыты қамтиды: кәсіптік бағдарлау жұмысы және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс. М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғалымдары мен оқытушылары, облыс колледждерінің магистранттары кіретін фокус-топ құрылды. Сабақтар мен кәсіби кеңес беру кестесі жасалды. Апта сайын негізгі пән бойынша бір сабақ және кәсіптік бағдар беру бойынша екі сабақ өткізілетін болады. Оқу жылының соңына дейін 21 сабақ жоспарланған.