Білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 29-31 наурыз күндері аралығында нәтижеге бағытталған жұмыс арқылы педагогтердің шығармашылық шеберлігі мен кәсіби біліктілігін арттыру, табысты педагогикалық тәжірибені және жаңашыл идеяларды насихаттау мақсатында «Білім сапасы, әдіс, нәтиже-инновация спектрінде» тақырыбында жаратылыстану-математика пәндері бойынша «ZERDE:PRO-EDUCATION» жобасының І шақырылымы онлайн режимінде өтті.
Жоба жұмысына жалпы білім беретін мектептердің математика, физика, информатика, биология, химия және география пәндерінен 120 педагог қатысты.
«ZERDE:PRO-EDUCATION» жобасы аясындағы өткізілген вебинар барысында төмендегідей тақырыптар қамтылды:
Жобаға спикер ретінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, EduCon Республикалық компаниясының мамандары, STEM академиясының өкілдері, Батыс Қазақстан индустриалды колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог, коуч-тренер, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының мектеп-лицей, гимназияларының мұғалімдері қатысты.