Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «"Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 157 бұйрығына сәйкес "Үздік педагог" атағын беру конкурсының ІІ кезеңін жариялайды:
Конкурстың ІI кезеңіне қатысу үшін білім басқармасына аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері, облыстық мекемелері электронды форматта мынадай құжаттар мен материалдарды ұсынады:
1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) Білім бөлімінің басшысы растаған педагогке арналған ұсыныс;
3) жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) Білім бөлімінің Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді және қазақ және орыс тілдерінде ұсыныс;
6) электронды тасығыштардағы жазылған оқу сабақтары;
7) оқыту тіліндегі портфолио (педагогтің портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген);
8) эссе; эссе тақырыбын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды;
9) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик.
Педагогтердің кәсіби қызметіндегі жетістігі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бағаланады.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпазға облыс "Үздік педагог" атағы беріледі және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес куәлік табыс етіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап, 15 күнтізбелік күннің ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: 090000, Орал қаласы, Есқалиев көшесі 72, 207-бөлме. Анықтама телефоны: 26-04-74.
Конкурсқа қатысуға құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткiзу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінен, облыстық мекемелерден құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн өткеннен кейiн аяқталады.
Өткізу орны: Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мәжіліс залы.
БҚО білім басқармасының комиссиясы