
БҚО білім басқармасының 2021 жылғы 3 ақпандағы № 94 бұйрығына сәйкес оқушылардың шығармашылық зерттеу белсенділіктерін дамыту және қолдау, экология жөнінде білімдерін кеңейту талантты оқушыларды анықтау мақсатында 18 ақпан күні қашықтан «Туған өлкемді зерттеймін» облыстық байқауы өткізілді.
Байқауға 12 аудан, Орал қалалық №№17,33,44,46,49 жалпы орта білім беретін мектептерінен барлығы 57 жұмыс қаралды.
Қазылар алқасы Жәнібек, Тасқала, Сырым аудандарының жақсы дайындықтарын атап өтті.