«Үздік балалар бизнес - жобасы» қашықтан облыстық байқауының қорытындысы

«Үздік балалар бизнес - жобасы» қашықтан облыстық байқауының  қорытындысы

БҚО білім басқармасының  2021 жылғы 3 ақпандағы № 95 бұйрығына сәйкес қоғамның әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешу жолдарын қарастырып, кәсіпкерлік қызметке ынталандыру, талантты да талапты жастарды анықтау, белсенді, құзіретті, бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеу мақсатында 19 ақпан күні қашықтан «Үздік балалар бизнес - жобасы» облыстық байқауы  өткізілді. 

          Байқауға 12 аудан, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты, М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернаты, Орал қалалық №№19,33,46,49, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия, №38 мектеп-лицейінен барлығы  25 оқушы қатысты.