«Жәңгір хан мектебіне - 180 жыл» толуына орай өткізілген облыстық бірыңғай музей сағаты

«Жәңгір хан мектебіне - 180 жыл» толуына орай өткізілген облыстық бірыңғай музей сағаты

      Білім басқармасының 2021 жылдың 2 ақпан №86 бұйрығына сәйкес,   Батыс  Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспiрiмдер туризм және экология облыстық орталығының ұйымдастыруымен 19 ақпан күні облыстық «Жәңгір хан мектебіне - 180 жыл» толуына орай бірыңғай музей сағаты өткізілді. 

          Мақсаты:Жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беру және Жәңгір хан мектебінің тарихымен таныстыру.

          Облыс бойынша ZOOM платформасында өткен музей сағатынамектеп музейлерінің жетекшілері, туризм орталықтарының әдіскерлері, қосымша білім беру педагогтары,үйірме оқушылары  қатысты. Музей сағатында «Батыс Қазақстан облыстық Хан Ордасы тарихи- мәдени, архитектуралық- этнографиялық музей – қорығының» ғылыми қызметкері – Л.А.Таирова  «Жәңгір мектебі – білім бастауы»,«Батыс Қазақстан облыстықтарихи- өлкетану музейінің»экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі З.С. Хангереева - «Қазақ даласындағы алғашқы білім ордасы»,«Жәңгір хан атындағы тарихи – этнографиялық музейінің»меңгерушісі, «Үздік өлкетанушы» төсбелгі иегері Н.Ж.Төлепов -«Ашық аспан астындағы жәдігер «Хан бөгеті» мен « Жазғы ордасы» туралы не білеміз? Және ОБЖТжЭО-ның «Туған өлкем» үйірмесінің оқушысы А.Дүйсенбай «Тұңғыш білім ошағының тұғыры биік» атты тақырыптарында баяндамалары тыңдалды.

          Хан ордасында ашылған Жәңгір хан мектебінің тарихымен терең танысып, қатысушылар өз ой-пікірлерін білдірді. Аудандық (қалалық) мектеп музейлерінде өтетін «Жәңгір хан мектебіне - 180 жыл» бірыңғай музей сағаттары 2021 жылдың 19-23 ақпан аралығында өз жалғасын табады.