
Білім басқармасының 2021 жылғы 29 қаңтардағы №82 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 17-19 ақпан күндері оқушылардың шаңғы туризмі техникасынан дайындық деңгейін арттыру және спорттық шеберліктерін шыңдау мақсатында облыстық жарыс қашықтан өткізілді.
Жарысқа 11 аудан және Орал қаласынан барлығы 60 оқушы қатысты. Қазылар алқасы Ақжайық, Бәйтерек, Теректі аудандарының жақсы дайындықтарын атап өтті. Бөкей Ордасы ауданының командасы жарысқа қатыспады.
Нәтижелері жарыстың «Командалық», «Байлам» қашықтықтары бойынша ерлер жұбы, аралас жұбы арасында және «Үздік командалық таныстыру» байқауы бойынша саналды, жинаған ұпайларының қосындысы арқылы жалпы командалық есеп шығарылды.
Жалпы командалық сынақ бойынша жеңімпаздар:
І орын – Ақжайық ауданының командасы;
ІІ орын – Бәйтерек ауданының командасы;
ІІІ орын – Теректі ауданының командасы
«Байлам» қашықтығы бойынша ерлер жұбы арасында жеңімпаздар:
І орын – Ерғали А. / Хамитов Н. (Ақжайық ауданы);
ІІ орын – Аяп Ж. / Жолдығали Е. (Бәйтерек ауданы);
ІІІ орын – Нариман Н. / Төлеш Д. (Теректі ауданы).
«Байлам» қашықтығы бойынша аралас жұбы арасында жеңімпаздар:
І орын – Асанов Е. / Айтжан Д. (Ақжайық ауданы);
ІІ орын – Айткалиев А. / Амангельдиева Н. (Бөрлі ауданы);
ІІІ орын – Гумаров Э. / Жолдығали Қ. (Бәйтерек ауданы).
«Командалық» қашықтығы бойынша жеңімпаздар:
І орын – Ақжайық ауданының командасы;
ІІ орын – Теректі ауданының командасы;
ІІІ орын – Бәйтерек ауданының командасы;
«Үздік командалық таныстыру» байқауы бойынша жеңімпаздар:
І орын – Ақжайық ауданының командасы;
ІІ орын – Бөрлі ауданының командасы;
ІІІ орын – Шыңғырлау ауданының командасы;
Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдары, медальдары және кубогтерімен марапатталады.