
2021 жылдың 12 - 16 ақпан аралығында ШҚО Өскемен қаласында спорттық бағдарлаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты және Қазақстан Республикасының кубогі өтті.
Жарысқа республикамыздың өңірлерінен 140 қа жуық қатысушымен 10 команда қатысты. Олар: Батыс Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы, Алматы қаласы, Нұр-Сұлтан қаласы, Қарқаралы қаласы, Павлодар облысы, Жамбыл олбысы, ШҚМУ командасы. Чемпионатқа Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының және Бәйтерек аудандық жас туристер станциясының тәрбиеленушілері қатысты. Команда құрамы 5 спортшы 1 жетекші.
Ережеге сәйкес жалпыкомандалық орындар чемпионат спортшылары арасында анықталды:
I орын Шығыс Қазақстан облысы;
II орын Нұр – Сұлтан қаласы;
III орын Батыс Қазақстан облысы.
Чемпионат бойынша жекелей сында биік тұғырдан көрінген спортшылар:
13 ақпан күні өткен «Орта» қашықтығында:
14 жасар ұлдар арасында:
1 орын – Болатбек Бахтияр (29 спортшының арасында)
16 жасар ұлдар арасында:
1 орын – Серікұлы Ерасыл (8 спортшының арасында)
16 жасар қыздар арасында:
3 орын – Елубаева Ақжайық (8 спортшы арасында)
20 жасар ерлер арасында:
3 орын – Махамбетұлы Мұстафа (10 спортшы арасында)
14 ақпан күні өткен «Ұзақ» қашықтығында:
14 жасар ұлдар арасында:
3 орын – Болатбек Бахтияр (29 спортшының арасында)
16 жасар ұлдар арасында:
2 орын – Серікұлы Ерасыл (8 спортшының арасында)
16 жасар қыздар арасында:
2 орын – Елубаева Ақжайық (8 спортшы арасында)
20 жасар ерлер арасында:
2 орын – Махамбетұлы Мұстафа (10 спортшы арасында)
20 жасар ерлер арасында:
3 орын – Махамбетұлы Мұстафа (10 спортшы арасында)
15 ақпан күні өткен «Спринт» қашықтығында:
14 жасар ұлдар арасында:
3 орын – Болатбек Бахтияр (29 спортшының арасында)
16 жасар ұлдар арасында:
2 орын – Серікұлы Ерасыл (8 спортшының арасында)
16 жасар қыздар арасында:
1 орын – Елубаева Ақжайық (8 спортшы арасында)
20 жасар ерлер арасында:
2 орын – Махамбетұлы Мұстафа (10 спортшы арасында)
«Командалық эстафета» қашықтығы:
16-18-20 жасар ерлер арасында:
2 орын – Болатбек Бахтияр, Елубаева Ақжайық , Орынғалиев Нұртілеу.
3 күнгі қашықтық жиынтығы бойынша жекелей сында кубок иегерлері анықталды. Олар:
14 жасар ұлдар арасында:
2 орын – Болатбек Бахтияр (29 спортшының арасында)
16 жасар ұлдар арасында:
1 орын – Серікұлы Ерасыл (8 спортшының арасында)
16 жасар қыздар арасында:
2 орын – Елубаева Ақжайық (8 спортшы арасында)
20 жасар ерлер арасында:
3 орын – Махамбетұлы Мұстафа (10 спортшы арасында)
Жарыс жеңімпаздары республикалық спорттық бағдарлау құрамасының тізіміне алынатын болады.
Аталған чемпионат дүниежүзілік, халықаралық жарыстарға спортшыларды іріктеу кезеңдерінің бірі болып табылады.