
Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 28–29 қаңтар күндері Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспiрiмдер туризм және экология облыстық орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Туған жер кереметі» байқауы қашықтан өткізілді.
Байқауға 12 аудан және Орал қаласынан барлығы 35 оқушы қатысты. Қазылар алқасы Бәйтерек, Бөрлі, Шыңғырлау аудандарының жақсы дайындықтарын атап өтті.
Шараның мақсаты: оқушыларды зерттеу іс-әрекетіне жұмылдыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, азаматтылық пен отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдарымен марапатталады. Байқауға белсене қатысқан оқушыларға, жетекшілерге және Батыс Қазақстан Университеті тарих факультетінен келген әділқазы мүшелеріне ұйымдастырушылар атынан алғысымызды білдіреміз.