Ағымдағы жылдың 12 сәуір күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінде оқитын жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауы өтті. Облыстан 52 оқушы қатысты.
Республиканың барлық өңірінен бақ сынаған оқушылар арасынан үрлемелі және ұрмалы аспаптар сыныбы ересек жас тобы бойынша Орал қаласы Д.Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебінің саксофон сынып оқушысы Юрченко Виктория жүлделі ІІІ орынға ие болды.Барлық қатысушыларға сертификат, жетекшілерге «Алғыс хат» табысталды.