Ағымдағы жылдың 10 наурыз күні 7-11 сынып оқушылары арасында «Жас психолог» атты қашықтан облыстық семинар-тренинг байқауы өткізілді. Мектеп оқушыларынан құралған 31 топ жұмыстарын ұсынды. Барлығы 299 оқушы қатысты.
Байқау жеңімпаздары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.