«Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 25-26 ақпан күндері аралығында биология пәнінен 9-10 сынып оқушылары арасында облыстық «Биологиялық білім әлемінде» атты қашықтық байқауы өтті.Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 9 сыныбы бойынша 18 оқушы, 10 сыныптары бойынша 17 оқушы қатысты.