2021 жылдың 22 – 27 ақпан күндері аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Облыстық кезеңге 504 оқушы жолдама алып, оның 14 пән бойынша 482 оқушы қатысты. 22-і денсаулығына байланысты қатыса алмады.
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша І орын- 34, ІІ орын -59, ІІІ орын -84, диплом-73. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және медальдармен марапатталды.