Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің екінші туры - бейіндеу пәндері бойынша тестілеуге 79 оқушы қатысып, облыстың 55 оқушысы республикалық кезеңнің екінші турына өтті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі (жобаларды қорғау) 9 ақпаннан 12 ақпанға дейін ZOOM платформасында онлайн режимінде өткізілді, оған облыс бойынша 27 оқушы 21 жобамен қатысты.
Конкурстың қазылар алқасының шешімімен Батыс Қазақстан облысы бойынша 11 оқушы жүлделі орындарға ие болды: І орын – 4 оқушы, ІІІ орын – 7 оқушы және 6 оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамоталарына ие болды.