Қазақстан Ресубликасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практиткалық орталығының ұйымдастыруымен өткен, мемлекеттік тілдің рухани дамуын, қазақ тілін үйретуге талаптанатын өзге ұлт оқушыларын анықтау, әрі қарай дамыту мақсатында қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл- мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты ХV республикалық қашықтық олимпиадасы өз мәресіне жетті.
Бірінші кезеңінде біздің облысымыздан 223 өзге ұлт оқушылары қатысып бақтарын сынаса, қорытынды кезеңге 10 оқушы жолдама алған болатын. Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломдармен Бәйтерек ауданы, Қ.Ахмиров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешенінің 7 сынып оқушысы Сейфуллина Дильназ, Бөкей Ордасы ауданы М.Мәметова атындағы жалпы орт а білім беретен мектебінің 6 сынып оқушысы Валиданов Мухаммедали, Орал қаласы №31 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Звекова Милана марапатталды.