«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 8-9 қаңтар күндері мамандандырылған мектеп оқушыларына арналған математика, физика және информатикадан XVII Халықаралық Жәутіков олимпиадасын өткізді.
Олимпиадаға Батыс Қазақстан облысы бойынша қатысқан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Шинбай Алмаз пен 10 сынып оқушысы Мақсотов Жамбыл информатика пәні бойынша күміс медаль, ал 10 сынып оқушысы Уксукбаев Тимур физика пәні бойынша қола медаль иеленді.