Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «College startup» облыстық бизнес жоба байқауының қорытындысы

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «College startup» облыстық бизнес жоба байқауының қорытындысы

            2021  жылдың  26 ақпанында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында студенттерді кәсіпкерлік ортаға бейімдеп, шығармашылық  әлеуеті мен әлеуметтік белсенділігін арттырумақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы  «College startup» облыстық бизнес жоба байқауының отырысы оздырылды.

«College startup» облыстық бизнес жоба байқауына  сарапшы ретінде  БҚО Кәсіпкерлер палатасының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының  өкілдері шақырылды.

«College startup» облыстық бизнес жоба байқауына 34 колледжден                     30 жұмыс келіп түсті.Сараптама тобының шешіміне сәйкес жұмыстары бағаланып, жеңімпаздар анықталды:

І орын -  Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалықколледжінің студенті В.Мезрина (жетекшісі А.К.Джумагазиева);

ІІ орын - Жоғары аграрлық -техникалықколледжінің студенті Е.Қадеров (жетекшісі А.Е.Ешмуханова);

ІІІ орын - Орал ақпараттық технологияларколледжінің студенті А.Бексұлтан  (жетекшісі Г.К.Ищанова);

Аталымдар:

«Медицина саласындағы инновациялық жоба» - Орал «Максат» медициналық колледжінің студенті Г.Абатова (жетекшісі Г.С.Абдрахманова);

«Туризмді дамытудың үздік жобасы» - Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалықколледжінің студенті Д.Жамбылқызы (жетекшілері К.А.Искакова, З.А.Кошанова);

«Инновациялық жоба шебері» -Жалпактал аграрлық және салалық технологияларколледжінің студенті  Е.Бекболатов (жетекшісі А.Ж.Каримова):

«Кітапхананың болашағы жастарда» - Қаратөбе колледжінің студенті  Ү.Темірова  (жетекшісі Ж.О.Мұнайтпасова);

«Ұлттық нақыштағы шебер» - Орал «Сервис» технологиялық колледжінің студенті К.Агафонова (жетекшілері Ж.Р.Муратова, О.Г.Егорова);

«Іскерлікке ұмтылу» - БҚ «АТиСО» академиялық колледжінің студенті А.Асанова (жетекшісі А.Т.Сагитова);

«Байланыс саласының шебері» - Республикалық  жоғары  техникалық колледжінің студенті В.Белан (жетекшісі А.Т.Мақсотова) марапатталсын.