
Білім беруді дамыту орталығының жоспарына сәйкес 2021 жылдың 20 қаңтар күні техникалық және кәсіптік білім беруде«WorldSkills» тәсілі бойыншастуденттердің практикалық дағдыларын сапалы және кешенді бағалау, халықаралық стандарттарға сәйкес нақты мамандық бойынша жұмысты орындауға мүмкіндік беретін білім және тәжірибе деңгейін анықтау мақсатында«Демонстрациялық емтихан-өндірістік процестерді модельдеу» тақырыбындағы вебинар өткізілді.
Вебинардың міндеті облысымыздағы колледждерде қолданысқа енгізілген демонстрациялық емтиханды одан әрі қолданумен оның әдіс-тәсілдерін жетілдіру.
Вебинарға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Вебинар жұмысында Білім беруді дамыту орталығы директорының орынбасары Н.Сабиров техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында демонстрациялық емтиханды өткізу талаптары мен ағымдағы дайындық мәселелеріне тоқталды.
Сондай-ақ, вебинар барысында Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру іс-шаралары жоспарына сәйкес2019-2020 оқу жылындастуденттердің практикалық дағдыларын сапалы және кешенді бағалауға бағытталғанБатыс Қазақстан индустриалды колледжінде WorldSkills стандарттары бойынша «Электромонтер»,Орал политехникалық колледжінде«Құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары» жәнеОрал ақпараттық технологиялар колледжінде«Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша өткізілген демонстрациялық емтихандар туралыаталған оқу орнындарының мамандары Г.Х.Мұхамбеткали, Қ.Б.Нұрмүханов және Б.С.Өтешовтер өздерінің демонстрациялық емтихан нәтижелері CIS бағдарламасына енгізілгені туралы және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, WorldSkills Kazakhstan стандартына сәйкес өндірістік процестердің нақты жағдайларына, құзыреттіліктің техникалық сипаттамасы, инфрақұрылымдық парағы мен емтихан тапсырмаларынбағалау критерийлері жәйіна тоқталып іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Алдағы уақытта Орал «Сервис» технологиялық, Сервис және жаңа технологиялар, Шыңғырлау, Ақжайық аграрлық-техникалық, А.Иманов атындағы жол-көлік және Жоғары аграрлық –техникалық колледждерінде студенттердің практикалық дағдыларын сапалы және кешенді бағалауға бағытталған демонстрациялық емтихандыөткізу жоспарлануда.