«Біздің таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ!» атты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы қашықтан әлеуметтік жарнамалық ролик байқауының қорытындысы

«Біздің таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ!» атты  сыбайлас  жемқорлықтың алдын алу бағытындағы қашықтан әлеуметтік жарнамалық ролик  байқауының қорытындысы

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2021 жылғы  10 ақпандағы №110 бұйрығына сәйкес  2021 жылдың 12 наурыз күні «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттау мақсатында «Біздің таңдауымыз-жемқорлықсыз болашақ!» атты қашықтан облыстық байқауы өткізілді.

Байқауға 11 аудан мектептерінің, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектебі, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты, М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернаты, Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты және Орал қаласының №25 және №33 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары қатысты. 

Казталов ауданы, Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты, Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп лицей-интернаты, қатыспады.

 Байқау  жеңімпаздары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, алғыс хаттарымен  марапатталды. Қазылар алқасы  төмендегідей бағалады.

І орын – Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушылары Залел Ералы, Тұрлан Халиммурсалим.

ІІ орын – Жаңақала ауданы С.Меңдешов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Сапарғали Ерхан.

ІІ орын - Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп интернат кешенінің “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірім ұйымы.

ІІІ орын –Жаңақала ауданы Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Тұрсынғалиева Жасмина.

ІІІ орын –Қаратөбе ауданы Б.Аманшин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Хамза Нұрханша.

Алғыс хат – Тасқала ауданы  Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Ниязбай Жәңгір, Набиуллин Бекжан.

Алғыс хат - Орал қаласы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектеп облыстық мектебінің оқушысы Демичева Екатерина Александровна.

 Барша жеңімпаздарды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен бастамаларына жетістіктер тілейміз!