Облыстық «Адалдық адамдық белгісі!» қашықтан брейн-ринг зияткерлік ойыны

Облыстық «Адалдық адамдық белгісі!» қашықтан брейн-ринг зияткерлік ойыны

Білім басқармасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың 28 қаңтарында облыстық «Адалдық адамдық белгісі!» қашықтан брейн-ринг зияткерлік ойынын өткізді.

Брейн-ринг зияткерлік ойынына 11 аудан, Орал қаласы және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар-мектеп-лицей интернаты, Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернаты, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатынан барлығы 48 оқушы қатысты.

Ойын үш кезеңнен тұрды: бірінші кезең Қазақстан тарихы, екінші кезең мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар және үшінші кезең заңдардан құралған сұрақтар.

Брейн-ринг қорытындысы бойынша:

I орын – Бәйтерек ауданының «Бәйтерек жастары» тобы;

II орын – Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы 

№11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының «SSstars» тобы;

II орын – Ақжайық ауданының «Ақжайық» тобы;

III орын – Бөрлі ауданының «JaStar»тобы.

III орын – Казталов ауданы, С.Есетов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің «Жігер» тобы;

III орын – Шыңғырлау ауданы, А.Тихоненко атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің «Парасат» тобы.

Жүлдегерлер БҚО білім басқармасы және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлескен дипломдарымен марапатталып, қалған қатысушыларға сертификаттармен табысталды.