Облыстық «Парасатты отбасы» онлайн байқауы

Облыстық «Парасатты отбасы» онлайн байқауы

Ағымдағы жылдың 30 қазанында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті және Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасы бірлесіп, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Парасатты отбасы» онлайн байқауын ұйымдастырды.

Байқауға 12 аудан, Орал қаласынан және облыстық мектептерден барлығы 144 отбасы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша төмендегідей жеңімпаздар анықталды:

І орын – Гильмановтар отбасы. Бейнеролик дайындаған: Орал қаласы Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының оқушысы Мұрат Ерасыл;

ІІ орын – Сағынбаевтар отбасы. Бейнеролик дайындаған: Орал қаласы №41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицейінің оқушысы Нұрбекқызы Амина;

ІІІ орын – Мулякаевтар отбасы. Бейнеролик дайындаған: Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушысы Муратова Дана;

Номинациялар бойынша:

«Үздік оқырман отбасы» - Наутбаевтар отбасы. Бейнеролик дайындаған: Орал қаласы №46 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Шилібай Инабат.

«Зейінді отбасы» - Сатовтар отбасы. Бейнеролик дайындаған: Бәйтерек ауданы Новенький жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Сатов Ерген, Жұмагелді Мейрамбек.

«Шеберлер отбасы» - Беркеновтар отбасы. Бейнеролик дайындаған: Бөрлі ауданы №6 мектеп-лицейінің оқушысы Махамбетов Рамазан.

«Өнерлі отбасы» - Газиевтер отбасы. Бейнеролик дайындаған: Қаратөбе ауданы Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Хамит Аяжан.

«Жомарт отбасы» - Бекқалиевтер отбасы. Бейнеролик дайындаған: Бөкейордасы ауданы Ш.Жексенбаев жалпы орта білім беретін мектеп-бөбекжай кешенінің оқушысы Мұхси Мерейхан.

«Саяхатшы отбасы» - Горовцовтар отбасы. Бейнеролик дайындаған: Бөрлі ауданы №6 мектеп-лицейінің оқушысы Горовцова София.