2020-2021 оқу жылының 3 тоқсанында білім беру барысы туралы ақпарат.
2020-2021 оқу жылының ІІІ тоқсанында оқыту 3 форматта ұйымдастырылды: қашықтықтан, штаттық және аралас.
Облыста 111 020 оқушы контингентімен 379 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде:
- 25968 (23,3%) оқушымен 265 (70%) мектеп штаттық режимде жұмыс істейді;
-109 (29%) мектеп 83748 оқушымен (75,4%) аралас режимде жұмыс істейді;
-5 мектеп (1,3%) 1304 оқушымен (1,1%) толық қашықтықтан оқиды.
5 адамнан тұратын консультативтік сабақтармен 7872 түлек қамтылып, оларға 2181 педагог тартылды.
Мектептерде икемді сабақ кестелері жасалды, ауысымдар мен кіші ауысымдар кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтауға орта жасалды.