
Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 5-30 қараша күндері «ЖЕМҚОРЛЫҚ.net» атты облыстық эстафета қашықтан өткізілді.
Эстафетаның мақсаты: сыбайлас жемқорлықтың өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі екенін және экономикалық заңдардың еркін әрекетін шектеп, еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендететінін көрсету және сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін оқушылардың құқықтық сауаттылығы деңгейі мен сапасын арттыру, маңыздылығын түсіндіру.
Эстафетаға облыс аумағындағы білім беру мекемелерінің
7-11 сынып оқушылары қатысты.
Эстафетаға қатысқан барлық қатысушылар Білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.