
Облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 12–13 тамызы аралығында облыстық «Туған өлкенің білгірлері» экологиялық онлайн-викторина ұйымдастырылды.
Викторинаның мақсаты: экология және табиғатты қорғау саласындағы оқушылардың танымдық іс-әрекетін жандандыру, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Міндеттері: тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыру; ой-өрісінің кеңеюіне ықпал ету; қоршаған ортаны сақтау мәселелерін шешуге қатысу сезімін дамыту.
Сырттай 3 блокта өткізілген викторинаға 12 командадан
42 оқушы қатысты.
Қатысушылар «Зияткерлік» бағытында әр түрлі тақырыптағы 30 сұраққа жауап берсе, «Экологиялық тапсырмаларды шешу» бағытында 5 экологиялық тапсырманы шешті. Ал, «Экоойыншық» бағытында табиғи және қалдық материалдардан «Экоойыншық» жасады.
Үш блок бойынша қатысушылар төмендегідей жалпы командалық орындарға ие болды:
1 орын – Бәйтерек ауданы;
2 орын – Шыңғырлау ауданы;
3 орын – Ақжайық ауданы.
Байқаудың қорытындысы бойынша оқушылардың жұмысы бағаланып, I, II, III дәрежелі грамоталармен марапатталды.