
Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес
2020 жылдың 19-21 тамызы аралығында облыстық
«Батыс Бердинг» атты интернет байқауы өткізілді.
Байқау мақсаты: туристік-экологиялық қызмет құралдары арқылы тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыру, бердингті насихаттау және дамыту.
Міндеттері: оқушыларға табиғатта көре алатын құстарды анықтауға көмектесу (оларды ауламай, қорқытпай); табиғатқа, атап айтқанда орнитофауна әлеміне ұқыпты қарауға тәрбиелеу; олардың арасындағы айырмашылықты түсіну үшін құстардың морфологиялық және биологиялық сипаттамаларын зерттеу.
WhatsApp Messenger көмегімен сырттай 3 блок бойынша өткізілген байқауға 11 командадан 33 оқушы қатысты.
1тапсырма. Әр командаға құс тұмсығының суреті салынған
3 фотосурет жіберіледі. Команданың міндеті 1 минуттың ішінде фотосуреттегі (суреттердегі) тұмсықтың қай құстың тұмсығы екендігінанықтайды.
2 тапсырма. Әр командаға құстың ұясының суреті салынған 3 фотосурет жіберіледі. Команданың міндеті 1 минуттың ішінде фотосуреттегі (суреттердегі) ұялар арқылы құстың түрлерін анықтап, дұрыс жауап беру.
3 тапсырма. Әр командаға құстың шеңгелінің (аяғының) суреті салынған 3 фотосурет беріледі. Команданың міндеті
1 минуттың ішінде фотосуреттегі (суреттердегі) шеңгелдер (аяқтары) арқылы құстың түрлерін анықтап, дұрыс жауап беру.
Жарыс нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте:
1 орын – Бәйтерек ауданы;
2 орын – Бөрлі ауданы;
3 орын – Ақжайық ауданы командасы жеңіп алды.