Облыстық отбасылық «Әкем, анам және мен – туристік отбасы» онлайн байқауының қорытындысы

Облыстық отбасылық «Әкем, анам және мен – туристік отбасы» онлайн байқауының қорытындысы

2020 жылдың 10-11 қыркүйек күндері аралығында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен отбасылық спорттық  туризмін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және ата-аналармен жұмыстарын белсендіру мақсатында отбасылық «Әкем, анам және мен – туристік отбасы» онлайн байқауы  өткізілді. 

Байқауға облысымыздың барлық аудандары мен Орал қаласының 13 белсенді отбасылары қатысты.  

Байқау 4 номинация бойынша өткізілді. Нәтижелері байқаудың әр түрінен бөлек және жалпы сынақта жинаған ұпай мөлшеріне қарап шығарылды. 

Номинациялар бойынша жеңімпаздар: 

 «Отбасылық фотосуреттер» номинациясы:  

1 орын –  Телагисовтер отбасы (Ақжайық ауданы);

2 орын –  Шорабаевтар отбасы  (Шыңғырлау ауданы);

3 орын –  Бердигалиевтар отбасы (Сырым ауданы).

«Туристік тұрмыс және дағды» номинациясы:  

1 орын –  Телагисовтер отбасы (Ақжайық ауданы);

2 орын –  Бердигалиевтар отбасы (Сырым ауданы); 

3 орын –  Утегалиевтер отбасы (Бөрлі ауданы).

«Бард әндері» номинациясы:  

1 орын – Бердигалиевтар отбасы (Сырым ауданы);

2 орын – Тасбулатовтар отбасы (Казталов ауданы); 

3 орын – Телагисовтер отбасы (Ақжайық ауданы).

«Табиғат аясына бір күндік отбасылық демалыс» бейнеролигі:

1 орын –  Телагисовтер отбасы (Ақжайық ауданы);

2 орын –  Утегалиевтер отбасы (Бөрлі ауданы); 

3 орын –  Хайруллиндер отбасы (Бәйтерек ауданы).

Жалпы сынақта жинаған ұпай қарап, жалпы командалық есепте облыстық отбасылық онлайн байқаудың жеңімпаздары анықталды:

1 орын –  Телагисовтер отбасы (Ақжайық ауданы);

2 орын –  Бердигалиевтар отбасы (Сырым ауданы); 

3 орын –  Утегалиевтер отбасы (Бөрлі ауданы).

Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдарымен, медальдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.