
Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 19 тамызында облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Велосипед құрастыру» бойынша облыстық отбасылық қашықтан байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: білім алушыларға ғылым мен техниканың әртүрлі облысындағы өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру болып табылады.
Байқауға Ақжайық, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Теректі аудандары және облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының оқушылары қатысып, техникалық шығармашылықтарын көрсете білді.
Байқау үш номинациядан тұрды. Атап өтетін болсақ «Ең үздік реставрация», «Ең үздік ересектер велосипеді», «Ең үздік балақайлар велосипеді».
Облыстық қашықтан байқаудың жеңімпаздары болып төмендегі оқушылар танылды:
«Ең үздік ересектер велосипеді» номинациясы бойынша:
І орын – Мәлік Ермахан, Ақжайық ауданы, Ж.Молдағалиев атындағы ОЖББМ оқушысы, жетекшісі Г.Ахметова https://youtu.be/y9HjfTp4cWA;
«Ең үздік балақайлар велосипеді» номинациясы бойынша:
І орын – Нәсиев Марғұлан, Жәнібек аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығының тәрбиеленушісі, жетекшісі Е.Сағадат
ІІ орын – Бақтыгереев Шапағат, Теректі аудандық балалар шығармашығы үйінің тәрбиеленушісі, жетекшісі М.Бисекенов;
ІІІ орын – Тәжі Әдия, Бәйтерек ауданының Тәрбие жұмыс орталығының тәрбиеленушісі, жетекшісі А.Тәжиев https://youtu.be/uT2eTLAv9cs;
«Ең үздік реставрация» номинациясы бойынша:
І орын – Есболов Оралбек, Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушісі, жетекшісі М.Куспанов
ІІ орын – Шуриев Айдын, Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушісі, жетекшісі А.Айболат;
ІІІ орын – Сагинов Мәди және Қабдол Дастан, Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушісі, жетекшісі Ж.Төлегенов https://youtu.be/nyQBejDG9Ik
Байқау жеңімпаздары білім басқармасының грамотасымен марапатталды.